Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама Атырау қ. 600 орындық Конгресс-холл құрылысы жобасына оң қорытынды берді

2025-11-04

«Мемсараптама» РМК «Атырау қаласында 600 орындық Конгресс-холл салу» жобасы бойынша оң қорытынды берді.
Тапсырыс беруші: «Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «Ecopolis.KZ» ЖШС.
Жоба аясында заманауи 600 орындық Конгресс-холл салу көзделген. Бұл нысан өңірдің іскерлік және мәдени өмірінде маңызды орын алатын көпфункционалды орталық болмақ.
Ғимараттың сәулеттік шешімі алты функционалды блоктан тұрады:
1. Конференция залы;
2. Кіреберіс тобы;
3. Президенттік блок;
4. Көрме залы;
5. Санитарлық тораптар;
6. Техникалық үй-жайлар.
Конгресс-холл құрылысының жүзеге асуы Атырау өңірінің іскерлік және мәдени әлеуетін дамытуға, сондай-ақ конференциялар, форумдар мен көрме іс-шараларын өткізуге арналған қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.