Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 27–29 қазан аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында ТМД қатысушы мемлекеттерінің құрылыс қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңестің 46-шы отырысы өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы делегациясы қатысты. Делегацияны «Мемсараптама» РМК-ның Бас директорының бірінші орынбасары Тикибаев Ержан Амангелдіұлы бастады. Құрамында кәсіпорынның орталық аппаратының өкілдері болды.
Кеңес барысында құрылыс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу және ТМД елдері арасындағы үздік тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттаманың сапасын арттыру, сараптама жүргізудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру және сараптамалық қызметті дамыту бағыттары ерекше назарға алынды.
«Мемсараптама» РМК өкілдерінің отырысқа қатысуы ТМД елдерінің салалық ұйымдарымен әріптестік қатынастарды нығайтуға, құрылыс және сараптама саласындағы өзара тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Іс-шара Өзбекстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен өтті.