Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 30 қазанда «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында орналасқан Құрылыс саласындағы өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы базасында бейнеконференция форматында өткен IX Халықаралық «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» конференциясына қатысты.
ФАУ «Главгосэкспертиза России» ұйымдастырған бұл іс-шара құрылыс сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе және үздік практикалармен алмасуға, сондай-ақ сараптамалық қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеуге арналды.
Конференция жұмысына Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің өкілдері, ТМД елдерінің сараптамалық ұйымдары, сондай-ақ құрылыс сараптамасын жүзеге асыратын ведомстволық және мемлекеттік мекемелер қатысты.
Конференция бағдарламасы аясында ұлттық құрылыс сараптамасы институттарындағы негізгі өзгерістер мен даму үрдістері, 2026–2027 жылдарға арналған басым бағыттар, құрылыс жобаларын іске асыру кезінде тәуекелдерді басқарудағы сараптамалық ұйымдардың рөлі, сондай-ақ сараптамалық қызметке цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект пен деректерді басқару жүйелерін енгізу перспективалары талқыланды.
Талқылаулар барысында құрылыс жобаларының тиімділігін басқару тәсілдерін жетілдіру, инжинирингтік қызметтерді дамыту, сондай-ақ ТМД елдерінің сараптамалық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
«Мемсараптама» РМК-ның өкілдері өздерінің ақпараттық жүйелерін мемлекеттік және салалық ақпараттық ресурстармен интеграциялау тәжірибесіне, сондай-ақ құрылыс жобаларын іске асырудағы тәуекелдерді төмендетудегі осы интеграциялардың рөліне арналған баяндама ұсынды.
IX Халықаралық конференцияға қатысу «Мемсараптама» РМК-на ТМД елдерінің сараптамалық ұйымдарымен кәсіби байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және құрылыс сараптамасы институтын дамыту мен құрылыс жобаларын іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында болашақ ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.