Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Тараз қ. концерт залының құрылысы жобасына Мемсараптама оң қорытынды берді

2025-10-29

«Мемсараптама» РМК «Тараз қаласының Әулиеата шағынауданында 1300 орындық концерт залын салу» жобасы бойынша оң қорытынды берді.
Тапсырыс беруші: «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ.
Бас жобалаушы: «Eurasia Design» ЖШС.
Конгресс-холл қоғамдық және мәдени іс-шаралар, конференциялар, фестивальдер мен концерттік бағдарламалар өткізуге арналған.
Кешен құрамына:
• жеке кіреберістері бар көрермендер блогы, вестибюль, кассалық зал, буфет, гардероб;
• 1300 орындық әмбебап көрермендер залы, сахна қорабы;
• 90 орындық конференц-зал және баспасөз кабинеті;
• ұлттық дәстүрлер мен ресми рәсімдерді өткізуге арналған салтанатты зал кіреді.
Жобаны іске асыру Тараз қаласының мәдени инфрақұрылымын дамытуға, түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге жағдай жасауға және өңірдің мәдени өмірін жандандыруға бағытталған.