Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК қызметкерлері Cisco CCNA бағдарламасы бойынша оқудан өтті

2025-10-28

2025 жылғы 20–24 қазан аралығында «Мемсараптама» РМК қызметкерлері – Эксперттік жұмыстар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді автоматтандыру бөлімінің бас мамандары Оңталапұлы Серік пен Актанов Даулет «STEX» компаниясының «Заманауи технологиялар» оқу орталығында «CCNA Implementing and Administering Cisco Solutions» атты оқыту курсын сәтті аяқтады.
Аталған курс желілік технологиялар саласында кәсіби құзыреттерді арттыруға, корпоративтік желілерді жобалау, баптау және тиімді әкімшілендіру дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бұл оқыту «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің цифрлық және техникалық біліктілігін арттыруға, сондай-ақ ұйымның ақпараттық жүйелерінің сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.