Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК қызметкерлері buildingSMART Kazakhstan Conference & Awards 2025 конференциясына қатысты

2025-10-24

2025 жылғы 23 қазанда Алматы қаласында, The Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде құрылыс саласын цифрландыру, ақпараттық модельдеу технологияларын (ТИМСО / BIM) енгізу және ашық деректер стандарттарын (openBIM®) дамыту мәселелеріне арналған жыл сайынғы buildingSMART Kazakhstan Conference & Awards 2025 конференциясы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, жобалау институттарының, құрылыс және IT-компаниялардың, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
«Мемлекеттік сараптама» РМК атынан конференция жұмысына:
• Саламат Бауыржанұлы Серікқалиев – цифрландыру жөніндегі Бас директордың орынбасары, конференция модераторы;
• Сакен Кашкимбаев – BIM-технологиялар бөлімінің жетекші маманы, шеберлік сабағының спикері қатысты.

Іс-шара барысында Саламат Серікқалиев деректерді стандарттау, ұлттық BIM-экожүйесін дамыту және құрылыс үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды арттыру мәселелерін талқылаған сессиялардың модераторы болды.
Күннің екінші жартысында өткен шеберлік сабағында Сакен Кашкимбаев («Мемсараптама» РМК) жаңа ГБИМ жобалау және сараптама порталының функционалын таныстырды.
Спикерлер openBIM ашық деректер форматтарын мемлекеттік сараптамадан өткізу кезінде қолдану тәсілдерін және жобалық құжаттаманы бағалау процесіне ақпараттық модельдерді интеграциялау бойынша тәжірибелік мысалдарды көрсетті.
Шеберлік сабағына қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Конференция buildingSMART Kazakhstan Awards 2025 байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен және құрылыс саласының сквозной цифрландыру үдерісіндегі кедергілер тақырыбына арналған панельдік пікірталаспен аяқталды. Пікірталасқа «Мемсараптама» РМК, «ҚазНИИСА» АҚ, Engineering Center LTD, Генпро және Autodesk компанияларының өкілдері қатысты.