Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 24 қазанда Республика күніне арналған ұлттық мереке аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өңір тұрғындарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы облыстың үздік қызметкерлеріне медальдар мен марапаттар табыс етті.
Марапатталғандардың қатарында «Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі бойынша филиалының сарапшысы – Игнатович Елена Юрьевна бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Игнатович Елена Юрьевна 1961 жылғы 15 наурызда дүниеге келген, жоғары білімі бар.
1983 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтап, «инженер-құрылысшы» біліктілігін алған.
2008 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, «экономика бакалавры» біліктілігін алған.
Е.Ю. Игнатович еңбек жолын 1984 жылы Өскемен қаласындағы №92458 әскери бөлімінде инженер-сметашы болып бастаған. Оның жалпы еңбек өтілі 41 жылдан асады, бұл жылдар бойы құрылыс саласындағы әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2011 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін
Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне қарасты «Мемлекеттік ведомствоаралық жобалар сараптамасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Шығыс өңірі бойынша филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы қызметін атқарып келеді.
2013 жылы ШҚО Құрылыс басқармасының Құрмет грамотасымен;
2019 жылы — Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК Құрмет грамотасымен көпжылдық еңбегі мен Қазақстанның құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталған.
2023 жылы Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталған.
2025 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.