Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 24 қазанда «Мемсараптама» РМК базасында Қытай көмір өнеркәсібін зерттеу институтының Чунцин жобалау институты (ҚХР) делегациясымен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік ведомствоға жатпайтын сараптамасы, құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және халықаралық әріптестікті нығайту салаларында ынтымақтастық орнату болды.
Кездесу барысында тараптар сараптамалық қызмет, техникалық реттеу және тәжірибе алмасу бағыттарын талқылады.
Қытай тарапы Қазақстандағы сараптамалық қызметтің жоғары деңгейін атап өтіп, өзара тиімді серіктестік орнатуға ниетті екенін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар құрылыс саласындағы сараптамалық өзара іс-қимылды дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.