Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Түркістан облысы мен Шымкент қаласында перинаталдық орталықтардың құрылысы жобалары бойынша оң қорытындылар берілді

2025-10-21

«Мемсараптама» РМК денсаулық сақтау саласындағы екі ірі жобаға оң қорытынды берді:
• «Түркістан облысының Ордабасы ауданында 200 орындық облыстық перинаталдық орталықтың құрылысы»;
• «Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданында 200 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық салу».

Аталған жобалар еліміздің оңтүстік өңірінде медициналық инфрақұрылымды дамытуға, ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ перзентханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған.
Түркістан облысындағы перинаталдық орталық:
Тапсырыс беруші: «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «Орталық Азия жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС.
Ғимарат құрамына мыналар кіреді:
• қабылдау бөлімшесі;
• жүкті әйелдердің патологиясы бөлімі (50 орын);
• босану бөлімі (20 орын);
• босанудан кейінгі бөлім (100 орын);
• жаңа туған нәрестелерге арналған бөлімшелер, оның ішінде неонаталдық хирургия және реанимация бөлімдері;
• 2 операциялық залы бар операция блогы;
• күндізгі стационар, радиология және клинико-диагностикалық бөлімдер;
• әкімшілік бөлмелер, симуляциялық орталық, 200 орындық конференц-зал, дәріхана қоймасы, стерилизация және дезинфекция бөлімдері.
Шымкент қаласындағы перинаталдық орталық:
Тапсырыс беруші: «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы: «Астанаинжпроект» ЖШС.
Орталықта акушерия, гинекология, неонатология және жаңа туған нәрестелер хирургиясы бағыттары бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету, сондай-ақ амбулаториялық, кеңес-диагностикалық және қалпына келтіру қызметтері көрсетілетін болады.
Перинаталдық орталықтың төсек қоры – 200 төсек, оның ішінде:
• ана мен баланың бірлесіп жататын бөлімі – 100 төсек;
• жүкті әйелдердің патологиясы бөлімі – 50 төсек;
• жоғары тәуелді жаңа туған нәрестелер бөлімі (соның ішінде 4 төсек орындық қарқынды терапия палаталары бар) – 20 төсек;
• арнайы күтімді қажет ететін жаңа туған нәрестелер бөлімі (соның ішінде 4 төсек орындық қарқынды терапия палаталары бар) – 20 төсек;
• неонаталдық хирургия бөлімі (2 төсек орындық ПИТ бар) – 10 төсек;
• күндізгі стационарға арналған клинико-диагностикалық бөлім (20 төсек) және ұрықты қорғау орталығы.
Аталған жобалардың іске асырылуы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында перинаталдық көмектің сапасын едәуір арттыруға, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша заманауи жағдайлар жасауға және өңірдің медициналық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.