Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астанада жобалық құжаттаманы сараптау тиімділігін арттыру және нормативтерді қолдану мәселелеріне арналған «Мемсараптама» РМК сарапшыларының дөңгелек үстелі өтті

2025-10-17

2025 жылғы 16–17 қазан күндері Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-ның сарапшылары жобалық құжаттаманың негізгі бөлімдері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Талқыланған бағыттар: бас жоспар, сәулет, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық және технологиялық бөлімдер.
Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы құрылыс және қала құрылысы нормаларын қолданудың практикалық мәселелерін талқылау, мамандар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жобалық-сметалық құжаттаманы сараптау сапасын арттыруға бағытталған бірыңғай тәсілдерді әзірлеу болды.
Дөңгелек үстел жұмысына «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ еліміздің әртүрлі өңірлерінен филиалдар мен департаменттердің сарапшылары қатысты. Іс-шара аралас форматта өтті: «Бас жоспар», «Сәулет» және «Өрт қауіпсіздігі» бөлімдері бойынша отырыстар Астана қаласында офлайн форматта ұйымдастырылса, санитариялық-эпидемиологиялық және технологиялық жобалау аспектілерін талқылау онлайн режимінде өтті.
Отырыстар барысында қатысушылар жобалау саласындағы өзекті үрдістерді, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін, сондай-ақ жобалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын жүргізудің ерекшеліктерін талқылады. Ерекше назар сараптау рәсімдерінің сапасы мен тиімділігін арттыру, әдістемелік тәсілдерді жетілдіру және мамандар арасында үздік тәжірибелермен алмасу мәселелеріне аударылды.
Іс-шараның өткізілуі сарапшылар қауымдастығындағы тұрақты кәсіби диалогтың маңыздылығын растады. Бұл өз кезегінде Орталық аппарат пен өңірлік бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және құрылыс саласындағы мемлекеттік сараптама жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.
«Мемсараптама» РМК алдағы уақытта да осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр. Мұндай кездесулер кәсіби мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және жобалық құжаттаманы сараптаудың заманауи тәсілдерін енгізуге арналған тиімді алаң болып табылады.