Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК жүргізген мемлекеттік сараптама нәтижесінде «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Алтай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» жобасы бойынша оң қорытынды берілді.
Тапсырыс беруші: «Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Бас жобалаушы: «QAZSAURAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жоба аясында екі қабатты, үш функционалды блоктан тұратын заманауи «Г» пішінді дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарастырылған. Архитектуралық-жоспарлау шешімдері жер учаскесінің ландшафтық ерекшеліктерін, күн сәулесінің түсуін және ғимараттың сәулеттік қабылдау талаптарын ескере отырып әзірленген.
Кешенде әмбебап, жаттығу, бокс және күрес залдары, үстел теннисі залы, шешінетін бөлмелер, медициналық блок, буфет және әкімшілік бөлмелер орналастырылады. Сондай-ақ персоналға арналған бөлмелер, допинг-бақылау аймағы, әдістемелік кабинет, дыбыс аппаратурасы бөлмелері және инженерлік жабдықтарға арналған техникалық қабат қарастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кешенде көтергіш құрылғылар мен арнайы санитарлық тораптар орнатылады, сондай-ақ МСА көрермендеріне арналған орындар екінші қабатта қарастырылған.
Жобаны іске асыру Алтай ауданы тұрғындарының спортпен және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасап, өңірдің спорт инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.