Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 10 қазанда «Мемсараптама» РМК Орталық аппараты мен Республиканың барлық филиалдарында «Ашық есік күні» — Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі сәтті өтті.
Іс-шараның мақсаты – сарапшы лауазымдарына үміткерлерді іріктеу және кадрлық резервті қалыптастыру болды.
Қатысушыларға арнап құттықтау сөздерін «Мемсараптама» РМК-ның бас директордың бірінші орынбасары Ержан Тикибаев және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар айтты.
Қонақтарға кәсіпорынның қызметі, бизнес-процестері және әлеуметтік кепілдіктері туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар кеңсе бойынша экскурсияға қатысып, жұмыс жағдайымен танысты.
Жәрмеңке аясында сұрақ-жауап сессиялары, анкеталық сауалнамалар және құрылымдық бөлімше өкілдерімен жеке кеңестер ұйымдастырылды. Консультанттар ретінде тәжірибелі мамандар сөз сөйледі.
Іс-шараға жобалау және құрылыс салаларындағы сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ жобалауға қызығушылық танытқан ондаған кандидаттар қатысты.
«Ашық есік күні» «Мемсараптама» РМК мен білікті кадрлар арасында ашық диалог пен тиімді өзара іс-қимылдың өзектілігін айқындап, кәсіпорынның кадрлық әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.