Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қала құрылысы құжаттамасын бағалау және сараптамалық қорытындылар сапасы мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті

2025-10-09
Қала құрылысы құжаттамасын бағалау және сараптамалық қорытындылар сапасы мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті
Қала құрылысы құжаттамасын бағалау және сараптамалық қорытындылар сапасы мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті
Қала құрылысы құжаттамасын бағалау және сараптамалық қорытындылар сапасы мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 9 қазанда «Мемсараптама» РМК базасында «Қала құрылысы құжаттамасы мен жобаларды заңнамаға, нормалар мен қала құрылыстық жоспарлау талаптарына сәйкестігін бағалау және талдау» және «Шығарылатын қорытындылардың сапасы мен нормативтік талаптарға сәйкестігін жан-жақты талдау» тақырыптарында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – тәжірибе алмасу, қала құрылысы сараптамасындағы қолданыстағы тәсілдерді және шығарылатын қорытындылар сапасын бақылау мәселелерін талқылау болып табылады.
Дөңгелек үстелге келесі елдердің уәкілетті мемлекеттік органдары мен сараптамалық ұйымдарының өкілдері қатысты:
• Қырғыз Республикасы — Қырғыз Республикасының Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі жанындағы Мемлекеттік сараптама департаменті;
• Беларусь Республикасы — «Главгосстройэкспертиза» РУП;
• Ресей Федерациясы — «Главгосэкспертиза России» ФАУ;
• Түрікменстан — Түрікменстанның Құрылыс және сәулет министрлігі;
• Қазақстан Республикасы — «Мемсараптама» РМК және оның өңірлік филиалдары.
Іс-шараға қала құрылысы сараптамасы мен әдістемелік қамтамасыз ету саласындағы мамандар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жетекші сараптамалық ұйымдардың өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, қала құрылысы құжаттамасын сараптау бойынша қазіргі заманғы тәсілдер, сондай-ақ қорытындылар сапасын арттыру және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері талқыланды.
Ерекше назар төмендегі бағыттарға аударылды:
• жобалық құжаттаманы бағалау үдерістерінің тиімділігін арттыру;
• құжаттаманың заңнама мен нормаларға сәйкестігін тексеру үдерістерін цифрландыру және автоматтандыру;
• салалық ұйымдар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар қала құрылысы жобаларына сараптама жүргізудің бірыңғай тәсілдерін дамыту, талдау әдістемелерін жетілдіру және шығарылатын қорытындылар сапасын арттыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.