Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сарыағаш қ. көпбейінді аурухана салу жобасы Мемсараптаманың оң қорытындысын алды

2025-10-06

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жаңа көпбейінді аурухана салу жобасы бойынша «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оң қорытынды берді.
Нысанның орналасу мекенжайы: Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы.
Жоба аясында заманауи медициналық инфрақұрылымды салу жоспарланған, оған мыналар кіреді:
• 300 төсек-орындық тәулік бойы жұмыс істейтін стационар;
• Ауыспалы 300 келушіге арналған кеңес беру-диагностикалық орталығы;
• 30 төсек-орындық күндізгі стационар;
• Шұғыл қабылдау бөлімдері;
• Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері;
• Жеке босану палаталары бар босану бөлімі;
• Функционалдық және сәулелік диагностика бөлімдері;
• Эндоскопия және трансфузиология бөлімшелері;
• Зертханалық блок;
• Амбулаторлық хирургия орталығы.
Жобаның тапсырыс берушісі: «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» ММ. Бас жобалаушысы: «Engineering Center LTD» ЖШС.