Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК жобалау және құрылыс саласындағы сараптама бағытында білікті мамандарды тарту жұмысын жалғастырып келеді. Осы мақсатта 2025 жылғы 10 қазанда Ашық есік күні мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара барысында қатысушылар ұйым қызметімен танысып, өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, бастапқы сұхбаттан өтіп, Орталық аппарат пен филиалдар өкілдеріне тікелей сұрақ қоя алады.
Мұндай іс-шаралардың тиімділігі бұған дейін дәлелденген. 2024 жылғы 15 қазанда «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Аталған іс-шараға 124 үміткер қатысты, оның ішінде 34-і аттестатталған сарапшы. Конкурстық іріктеу нәтижесінде 30 үміткер кадрлық резервке енгізілді, бүгінде олардың 10-ы Орталық аппарат пен филиалдарға жұмысқа қабылданды.
Жәрмеңке қорытындылары мемлекеттік сараптама жүйесін дамытуға арналған кадрлық әлеуетті қалыптастыру және кәсіби кадрларды іріктеу құралы ретінде бұл тәсілдің тиімділігін көрсетті.
2025 жылғы 10 қазанда кәсіби мамандар командасын жасақтаудың жаңа кезеңіне сізді де қатысуға шақырамыз!