Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Назар аударыңыз! Сараптамаға өтінім беру мерзімдері белгіленді

2025-10-01
Назар аударыңыз! Сараптамаға өтінім беру мерзімдері белгіленді

Құрметті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік сатып алулар жүйесінің қатысушысы болып табылатын тапсырыс берушілер!
2025 жылы жобалық-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді уақытылы және сапалы қамтамасыз ету мақсатында жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге өтінімдерді және жобалық-сметалық құжаттаманың толық жиынтығын 2025 жылғы 10 қазанға дейін ұсынуды сұраймыз.
Бұл 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге шарт жасасуды уақытылы қамтамасыз ету үшін қажет.
Алдын ала төлемді төлеу 2025 жылғы 28 қазаннан кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
Тек осы шарт орындалған жағдайда ғана шарт ағымдағы қаржы жылы аясында әрекет ететін шарттар қатарына жатқызылады.
Көрсетілген мерзімдерден кейін келіп түскен өтінімдер 2026 жылға өтпелі шарттар ретінде ресімделетін болады.