Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Ашық есік күніне шақырады

2025-09-29
«Мемсараптама» РМК Ашық есік күніне шақырады

«Мемсараптама» РМК 2025 жылғы 10 қазанда сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Астана қаласы, Құлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат мекенжайы бойынша өтетін Бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға ниет білдірушілерді шақырады.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларға мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама» РМК – бұл кең танымал және даңқты тарихы бар ұйым.
Біз жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау, қала құрылысын жоспарлау, аумақтарды дамыту және салу, әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу саласындағы қызметті жүзеге асырамыз.
Тапсырыс берушінің объектіні салу туралы шешімі біздің мамандардың жобаны бағалауына байланысты.
Сондай-ақ бізде құрылыс жобаларын сараптау кезінде құжаттаманы қабылдауды, өңдеуді және беруді автоматтандыруға көмектесетін ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
Іс-шараны өткізудің мақсаты- сарапшылар лауазымына кандидаттарды тұрақты жұмысқа іріктеу және жұмысқа орналастыру және кадр резервін қалыптастыру.
Жәрмеңкеде сізге ұсынылады:
- жұмыс берушілермен кездесу;
- ашық бос лауазымдарға (сарапшыларға) тұрақты жұмысқа орналасудың мүмкін нұсқаларымен танысу.
Біз сіздерді күтеміз:
«Мемсараптама» РМК бойынша: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Құлтөбе тұйық көшесі, 7 ғимарат мекенжайы.
«Мемсараптама» РМК Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалы, Қарағанды қ., Лобода к-сі, 46 н. т. 3.
«Мемсараптама» РМК Шығыс аймақ бойынша Өскемен қаласы, Буров көшесі, 12/1 мекенжайы бойынша филиалы.
«Мемсараптама» РМК Батыс өңір бойынша филиалы, мекен-жайы: Ақтау қаласы, 31 " Б " ш / а, 27 ғимарат.
Көкшетау қаласы, р.Қошқарбаев көшесі, 61 "А" мекенжайы бойынша Солтүстік аймақ бойынша «Мемсараптама» РМК филиалы.
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы: Шымкент қ. "Нұрсат" ш / а, 222 ғимарат.
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе және БҚО бойынша филиалы, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, 11 шағын аудан, 106 "Б" ғимараты.
«Мемсараптама» РМК Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша Талдықорған қаласы мекенжайы бойынша филиалы,
ш / а. Қаратал, 60 «В» ғимараты.
Шығыс өңірі «Мемсараптама» РМК филиалының Павлодар облысы бойынша департаменті мекенжайы бойынша: Павлодар қаласы, Акад. Сәтбаев көшесі, 25/1.
Шығыс өңірі «Мемсараптама» РМК филиалының Абай облысы бойынша департаменті мекенжайы бойынша: Семей қаласы, Найманбаева көшесі, 112, 6-қабат.
Солтүстік өңірі «Мемсараптама» РМК филиалының Солтүстік өңір департаменті мекенжайы бойынша: Петропавл қаласы, Ульянов көшесі, 56-ғимарат.
Солтүстік өңірі «Мемсараптама» РМК-ның Қостанай облысы бойынша департаменті мекенжайы бойынша: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 151 «А» - ғимарат.
Оңтүстік өңірі «Мемсараптама» РМК филиалының Жамбыл облысы бойынша департаменті мекенжайы бойынша: Тараз қаласы, Қарасу шағын ауданы (5), 17Д ғимараты.

Оңтүстік өңірі «Мемсараптама» РМК филиалының Қызылорда облысы бойынша департаменті мекенжайы бойынша: Қызылорда қаласы, Қызылжар-3 тұйық көшесі, 16-ғимарат.
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары «Мемсараптама» РМК филиалының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мекенжайы бойынша: Орал қаласы, Астана шағын ауданы, 13А құрылысы.
Өткізу уақыты: 10:00 - 16:00
Өтетін орны: Астана қ., Құлтөбе тұйық көшесі, 7 ғимарат, РМК филиалдары
Анықтама телефоны: +7 (7172) 23-50-28
Мемлекеттік сараптама мамандарының тобына қосылыңыз!