Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Ашық есік күні мен жұмыс жәрмеңкесіне шақырады

2025-09-22
«Мемсараптама» РМК Ашық есік күні мен жұмыс жәрмеңкесіне шақырады

Құрметті жұмыс іздеушілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздерді «Мемсараптама» РМК мекемесінің барлық филиалдарында және Орталық аппаратында өтетін «Ашық есік күні» және Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз. Іс-шара 2025 жылғы 10 қазанда өтеді.
Іс-шараның мақсаты — кадрлық резерв қалыптастыру және кәсіби қауымдастықпен ашық диалог орнату.
Өтетін орны (Орталық аппарат): Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 10 қазан, сағат 10:00
Бағдарламада:
• Кәсіпорын қызметі мен әлеуметтік кепілдіктер туралы презентация
• Актуалды бос жұмыс орындары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері
• Құрылымдық бөлімше басшыларымен кездесу
• Мансаптық кеңестер және кәсіби даму бойынша консультациялар
Іс-шара барлық ниет білдірушілерге — сарапшыларға, жобалаушыларға, жасанды интеллект саласындағы мамандарға және құрылыс индустриясының өкілдеріне ашық. Қатысу тегін.
Жәрмеңке аясында Сіз:
• жұмыс берушілермен тікелей жүздесе аласыз;
• қолжетімді бос жұмыс орындарымен таныса аласыз;
• сарапшы және өзге де мамандықтар бойынша тұрақты жұмысқа орналасу жөнінде толық ақпарат аласыз.
Мемлекеттік сараптама және құрылыс саласында мансаптық өсуге мүдделі азаматтардың барлығын қатысуға шақырамыз!
Анықтама үшін телефон: + 7 (7172) 23-50-28.