Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласындағы «Шығыс қақпасы» жол құрылысы жобасы Мемсараптаманың оң қорытындысын алды

2025-09-22
Алматы қаласындағы «Шығыс қақпасы» жол құрылысы жобасы Мемсараптаманың оң қорытындысын алды

«Мемсараптама» РМК Алматы қаласының Медеу және Түрксіб аудандарында орналасқан «Шығыс қақпасы» (I кезең) жол құрылысы жобасына оң қорытынды берді.
Нысан Баймағамбетов көшесі, Құлжа трактісі, Бұқтырма көшесі және Т. Рысқұлов даңғылы шеңберінде орналасқан.
Жобада тұрғын үй құрылысы аумағында аудандық маңызы бар магистральдық жолдар мен жергілікті маңызы бар көшелердің құрылысы көзделген. Жол бөлігінің ені 7-ден 15 метрге дейін болады. Сондай-ақ, жоба аясында қажетті абаттандыру элементтері — тротуарлар, велосипед жолақтары мен қауіпсіздік жолақтары қарастырылған.
Жобаның инфрақұрылымына асфальтбетон жамылғысы бар абаттандырылған жүргін бөлігі мен бульвар аймағы, вибропресс әдісімен дайындалған брусчаткадан төселген жайлы тротуарлар, велосипед жолақтары, көше жарықтандыруы, ашық автотұрақтар, қоғамдық көлік аялдамалары және Алматының климаттық жағдайына бейімделген көгалдар, бұталар мен ағаштармен көгалдандыру кіреді.
Жоба заманауи қала құрылысы нормаларына сәйкес Алматы қаласының инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Жобаны іске асыру 2026 жылдың II тоқсанына, сәуір айына жоспарланған.
Жобаның тапсырыс берушісі: «Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасы» КММ. Бас жобалаушысы: «АРРУАЛ» ЖШС.