Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік сараптама делегациясы Қазақстан Республикасының «Мемсараптама» РМК-на сапармен келді

2025-09-19

2025 жылғы 18-19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының РМК «Мемсараптама» Қырғызстан Республикасы Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің Мемлекеттік сараптама департаментінің делегациясын ресми түрде қабылдады. Делегация құрамында 11 сарапшы болды.
Сапар екі ел сараптамалық ұйымдарының ынтымақтастығы туралы келісім шеңберінде және 2023 жылы Түркістан облысында өткен Халықаралық сараптамалық ұйымдардың бірінші спартакиадасының хаттамасына сәйкес ұйымдастырылды.
Сапар барысында Қырғызстан мамандары Қазақстандағы мемлекеттік сараптама жүйесімен танысып, күрделі нысандарды сараптаудың үздік тәжірибелерін зерттеді. Сонымен қатар, РМК «Мемсараптама» базасында Алматы және Оңтүстік өңір сарапшылары, сондай-ақ АҚ «ҚазҚСҒЗИ» өкілдерінің қатысуымен сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылыс жобаларының конструктивті шешімдері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шара екі ел сараптамалық ұйымдары арасындағы кәсіби қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.