Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК Астана қаласында салынатын жаңа Перинаталдық орталық жобасына оң қорытынды берді.
Объектінің орналасу орны — Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ш. Қосшығұлұлы мен Ақан Сері көшелерінің қиылысы.
Жобаланған Перинаталдық орталық 5 қабаттан, жертөледен және техникалық қабаттан тұратын ғимарат. Орталық 3 блокқа бөлінген: А, Б және С.
А блогы:
• Функционалды диагностика бөлімі;
• Сәулелік диагностика бөлімі;
• Шұғыл көмек бөлімі;
• Босану бөлімі;
• Анестезия, реанимация және интенсивті терапия (неонатология) бөлімі;
• Жүктілік патологиясы бөлімі.
Б блогы:
• Күндізгі стационар;
• Ота жасау бөлімі;
• Неонаталдық операциялық бөлім.
С блогы:
• Жүкті әйелдерге арналған фильтр;
• Кеңес беру және диагностикалық бөлім;
• Ұрық (фетальды медицина) орталығы;
• Анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімі;
• Реабилитация бөлімі;
• Жоғары тәуелді неонаталдық бөлім;
• Сүт банкі;
• Арнайы күтімді қажет ететін жаңа туған нәрестелер бөлімі;
• Бірігіп болу бөлімі.
Жаңа Перинаталдық орталық аналар мен жаңа туған сәбилерге сапалы медициналық қызмет көрсетуге арналған заманауи инфрақұрылымның бір бөлігі болмақ.
Тапсырыс беруші: «Компания по строительству объектов» корпоративтік қоры.
Бас жобалаушы: «IT Engineering SA» фирмасының филиалы («ИТ Инжиниринг СА»).