Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 10–12 қыркүйек аралығында «Мемсараптама» РМК делегациясы Бас директордың жетекшілігімен «Байқоңыр» ғарыш айлағында жұмыс сапарымен жүр. Сапар барысында мамандар «Байтерек» зымыран кешенінің құрылыс барысымен танысуда.
Аталған жоба Қазақстан Республикасының ғарыш бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, жаңа буындағы зымырандар мен пилотсыз ғарыш аппараттарын қолдануға бағытталған және ұлттық ғарыш саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие.
Сапар шеңберінде «Мемсараптама» РМК-ның өкілдері құрылыс алаңын аралап, жобаның іске асырылу кезеңдерімен танысуда, сондай-ақ құрылыс кезінде қолданылып жатқан техникалық және жобалық шешімдерді талқылауда.