Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2025 жылғы KazBuild және Aquatherm көрмелері аясында Алматы қаласында жобалаушылар мен сәулетшілердің дөңгелек үстелі өтті

2025-09-09
2025 жылғы KazBuild және Aquatherm көрмелері аясында Алматы қаласында жобалаушылар мен сәулетшілердің дөңгелек үстелі өтті

2025 жылғы 4 қыркүйекте Алматы қаласында KazBuild және Aquatherm құрылыс және инженерлік жүйелер көрмелері аясында жобалаушылар мен сәулетшілердің дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараның мақсаты – сәулет-құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және мамандар арасында тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік мекемелердің, жобалау ұйымдарының, салалық қауымдастықтардың және халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты. Қатысушылар келесі тақырыптар бойынша пікір алмасты:
• BIM жүйесінде жобалау және сараптамадан өту процесі
• Қазақстан Республикасында жобалаушыларды кәсіби лицензиялау және сертификаттау
• Жобалаушы еңбегінің құны және жалақы мәселелері
• Жобалауда заманауи технологияларды пайдалану (BIM, жасанды интеллект, 3D-басып шығару)
Дөңгелек үстелге ҚР ҰАП атқарушы директоры, САРК жанындағы жас сәулетшілер секциясының жетекшісі, «Мемсараптама» РМК BIM-технологиялар бөлімінің бас маманы, Өзбекстан жас сәулетшілер одағының төрайымы, KAZGOR Жобалау орталығының директоры, Autodesk компаниясының Орталық Азия және Балқан аймағындағы даму жөніндегі атқарушы директоры, CAD.kz директоры, CAD жүйелерінің өкілдері, Alcor компаниясының өкілдері, сондай-ақ Enter-AR компаниясының директоры және негізін қалаушы қатысты.
«Мемсараптама» РМК атынан дөңгелек үстелде BIM-технологиялар бөлімінің бас маманы Сакен Кашкимбаев баяндама жасады.
Іс-шара барысында саланың дамуына әсер ететін маңызды мәселелер бойынша сарапшылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.