Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Ақтөбе облысында салынатын жаңа музыкалық-драмалық театр құрылысы жобасына «Мемсараптама» РМК оң қорытындысын берді.
Ақтөбе қаласындағы «Алтын орда» шағын ауданында, Г. Жұбанова мен «Мәңгілік ел» көшелерінің қиылысында, жаңа театр ғимараты жаңадан бастап салынып, қаланың мәдени инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың біріне айналады.
Театр ғимаратында вокалдық дайындық, хор және хореография залдары, баспасөз конференцияларына арналған зал, музей орналастырылады, сондай-ақ жоба бойынша екі көрермен залы қарастырылған:
• Үлкен зал – 420 орын;
• Кіші зал – 280 орын.
Жалпы сыйымдылығы – 700 адам.
Сахналық құрылғылар (софиттер, штанкеттер, айналмалы сахна, перде) заманауи компьютерлік басқару жүйесімен жабдықталады.
Ғимараттың жалпы ауданы 6,8 мың шаршы метрден асады, ал жер телімінің көлемі 5,71 гектарды құрайды.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Бас жобалаушы – «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС.