Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, персонал, шаруашылық мәселелер) бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2025-09-04
«Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, персонал, шаруашылық мәселелер) бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

1) Бос орынның атауы – әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (заңгер, персонал, шаруашылық мәселелер).
2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Шығыс өңірі бойынша филиалы, Өскемен қаласы, Буров көшесі 12/1, тел.: +7 701 214 44 40.
3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2025 жылғы «10» қыркүйек сағат 18.00-ге дейін east@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:

Филиалдың қызметін құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу, шаруашылық қызметін қамтамасыз ету.
Білімге қойылатын талаптар: Заң мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім.
Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: ұпталады.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар.
Мамандық бойынша кемінде 3 жыл және/немесе лауазымның
функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салада 3 жыл;
Басшы позицияларында: талап етілмейді.
Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері;
- азаматтық заңнаманың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы
заңнаманың негіздері,
- «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ;
- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚРЗ
- «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚРЗ;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ;
- «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондайақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалықэкономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім;

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) Наразылық-дау-шағым жұмыстарын жүргізу дағдылары, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жұмыс істеу дағдылары, шарттарды әзірлеу тәжірибесі, кадрлық жұмыс, оның ішінде «1-С Бухгалтерия. Кадрлық есеп»;
2) ДК-ні сенімді қолданушы болуы, оның ішінде деректер қорын құру және ақпаратты беру бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын еркін меңгеруі, Интернет желісінде жұмыс істеуді еркін игеруі;
3) адамдармен жұмыс істей білу, сұхбаттасушыға мәселенің мәнін қарапайым тілмен жеткізе білу;
4) қақтығыссыздық, даулы мәселелерде ымыралы шешім қабылдай білу;
5) адамдарға объективті көзқарас таныту;
6) жауапкершілік;
7) мақсаттылық, кәсіби тұрғыда үйренуге, өсуге ұмтылыс, бөлімнің тәжірибелі қызметкерлерінен білім мен тәжірибені қабылдау;
8) мәселелерді шешудің жаңа, стандартты емес жолдарын ұсына білу;
9) командада жұмыс істей білу.

Аталған лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) Филиал қызметін құқықтық сүйемелдеу;
2) Филиалдың мүдделерін барлық сот инстанцияларында, сондай-ақ Филиал қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде өзге де органдарда белгіленген тәртіппен ұсыну;
3) Басшылықтың тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша Филиалдың құжаттарын әзірлеу және дайындау;
4) Шарттардың жобаларын дайындау, оларды уақытылы және дұрыс жасасуды қамтамасыз ету шараларын қабылдау, шарт бойынша тарап міндеттемелерін бұзған жағдайда претензиялық хат алмасуды жүргізу, шарт талаптарының орындалуына бақылау жүргізу;
5) құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне қолданыстағы
заңнаманы түсіндіруді қамтамасыз ету және оны қолдану тәртібі;
4) құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
5) құқық қорғау органдарына беру үшін ұрлық, жымқыру, кемшіліктер және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дайындауға қатысу, Филиалға келтірілген залалды өтеуге шаралар қолдану;
6) Филиалдың мемлекеттік сатып алу веб-порталында Тауарлар, жұмыстар
мен қызметтер жеткізушілерімен жасалған шарттардың орындалуын қамтамасыз ету;
7) Филиалдың мемлекеттік сатып алудың бекітілген жоспарына қатаң сәйкес веб-порталда шарттарды есепке алу, әзірлеу, жасасу және келісу жұмыстарын жүргізу;
8) Филиалдың қажеттіліктері үшін Кәсіпорынның сатып алуын өткізуге өтінімдер қалыптастыру және қажетті құжаттарды дайындау;
9) Тиісті қаржы жылына тауарлар, жұмыстар, қызметтердің жоспарланған номенклатурасын қалыптастыру және бекітілген Даму жоспарына сәйкес жасалған Филиалдың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітуге ұсыну;
10) Филиалдың тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын веб-порталда уақытылы орналастыруды және оны қатаң орындауды қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
11) Мемлекеттік сатып алудың барлық қажетті рәсімдерін жүргізу, оның ішінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерімен шаруашылық байланыстарды қалыптастыру және кеңейту; жаңа, тиімдірек нарықтарды игеру; нарық конъюнктурасын, тауарлар ассортиментін қадағалау; қолданыстағы заңнамада көзделген шеңберде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша әлеуетті жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау;
12) Филиалдың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну;
13) Филиалдың бекітілген номенклатурасына сәйкес мемлекеттік сатып алуларға қатысты істерді (құжаттарды) есепке алу, істерді қалыптастыру және оларды Филиалдың мұрағатына тапсыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
14) Филиал қызметкерлері арасында құқықтық білімді насихаттау, бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізу;
15) Кадрлық есеп жүргізу (еңбек қатынастарын ресімдеу, еңбек тәртібін сақтау, еңбек демалысын беру, оқыту, марапаттау, жұмыс уақытын есепке алу және т.б.);
16) Филиал қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу;
17) Бұйрықтарды әзірлеу және оларды Филиалдың жауапты
қызметкерлерімен келісу;
18) Филиалдың бұйрықтарын есепке алу және сақтау;
19) Филиалдың тәртіптік комиссиясының жұмысына қатысу;
20) Филиалдың материалдық-техникалық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету, Өскемен қаласындағы әкімшілік ғимараттың коммуналдық желілеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
21) ұсынылған құқықтарға сәйкес Филиалдың ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (ВКСБАЖ) жұмыстарды жүзеге асыру;
22) Филиал мен Кәсіпорынның ішкі құжаттарында көзделген өзге де міндеттер.

5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- «Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалы директорының атына еркін нысандағы өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - түйіндеме.
«Мемлекеттік сараптама» РМК-ның әрекеттегі қызметкерлері конкурсқа қатысуға ниет білдірген жағдайда, «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның бас директорының атына жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының Бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (еркін нысанда) өтініш береді.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы 11 қыркүйекте – кандидаттардың өтінімін қарастыру;
2) 2025 жылғы 12 қыркүйекте – конкурс кандидаттармен әңгімелесу
өткізсін;
3) 2025 жылғы 15 қыркүйекте – конкурс қорытындысын шығарсын;

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.