Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Қостанай облысында Арқалық қаласындағы әуежай мен ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Жобада келесі негізгі жұмыстар қарастырылған:
•Әуежай терминалын салу;
•Авариялық-құтқару станциясы ғимаратын салу;
•Гараж ғимаратын салу;
•Автономды блок-модульді қазандық салу;
•Көмірге арналған жабық қойма салу;
•Насос станциясы мен сыйымдылығы 200 м³ болатын екі резервуар салу;
•Ішкі инженерлік желілерді салу.
Терминалдың мақсаты – ішкі әуе бағыттарындағы жолаушыларға қызмет көрсету.
Қызмет көрсетілетін жолаушылар саны –70 адам/сағ.
Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, екі кезеңге бөлінді. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ.
Бірінші кезең – «Қостанай облысы Арқалық қаласындағы автономды қазандығы бар әуежай терминалын салу», бас жобалаушы – «Строн-Холдинг» ЖШС.
Екінші кезең – «Қостанай облысы Арқалық қаласының әуежайында ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолын және перронын реконструкциялау», бас жобалаушы – «ENKI ENGINEERING» ЖШС.
Екі жоба да «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алды.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы аймақтың көлік қолжетімділігін жақсартып, Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.