Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемлекеттік сараптама» РМК қызметкерлері buildingSMART Kazakhstan ұйымының BIM жөніндегі халықаралық стандарттары бойынша оқуды сәтті аяқтады

2025-08-27
«Мемлекеттік сараптама» РМК қызметкерлері buildingSMART Kazakhstan ұйымының BIM жөніндегі халықаралық стандарттары бойынша оқуды сәтті аяқтады

2025 жылғы 26 тамызда «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның BIM-технологиялар бөлімінің қызметкерлері buildingSMART Kazakhstan ұйымы ұйымдастырған ғимараттардың ақпараттық модельдеу (BIM) халықаралық стандарттары бойынша оқудан сәтті өтті.
Оқыту buildingSMART International ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі ретінде өткізілді.
Оқуға қатысқан мамандар:
- Чайка Дмитрий Андреевич, BIM-технологиялар бөлімінің бастығы
- Кашкимбаев Сакен Куанышулы, BIM-технологиялар бөлімінің бас маманы
buildingSMART – құрылыс саласындағы цифрлық трансформацияны ілгерілететін жаһандық кәсіби ұйым. Ұйымның мақсаты – ашық халықаралық стандарттар мен заманауи шешімдерді қолдану арқылы жобалау, құрылыс және пайдалану үдерістерінің тиімділігін арттыру.
Оқыту бағдарламасы аясында мамандар:
- ISO 19650 халықаралық стандартымен,
- OpenBIM тұжырымдамасымен,
- BIM технологияларының әлемдегі және Қазақстандағы даму тарихымен,
- сондай-ақ ҚҚАИТ – құрылыс саласындағы ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу тәжірибелерімен танысты.
Курс соңында қатысушылар buildingSMART Professional Certification – Foundation «Basic» халықаралық сертификатына ие болды.