Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Жаңа балабақша Алматы қаласы Алмалы ауданында, Тлендиев көшесі, 49 мекенжайы бойынша салынады деп жоспарлануда. Жоба аясында қазіргі балабақшаны бұзып, оның орнына 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған 240 орындық жаңа балабақша салу көзделген.
Жаңа ғимарат екі қабатты үш блоктан тұрады және 11 оқшауланған топтық бөлімшеден құралмақ. Олардың құрамына бөбекжай (мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмысы) тобы да кіреді:
- кіші бөбекжай тобы, балалардың жасы 1-3 жас (сыйымдылығы 12 орын, 2 топ);
- кіші топ, балалардың жасы 3-4 жас (сыйымдылығы 24 орын, 2 топ);
- ортаңғы топ, балалардың жасы 4-5 жас (сыйымдылығы 24 орын, 3 топ);
- үлкен топ, 5-6 жас аралығындағы балалар (сыйымдылығы 24 орын, 2 топ);
- мектепалды даярлық тобы, балалардың жасы 6-7 жас (сыйымдылығы 24 орын, 2 топ).
Балабақшаның жалпы ауданы 5,5 мың шаршы метрден асады, ал жер учаскенің аумағы 0,97 гектарды құрайды. Аумағында топтық және спорттық алаңдар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тұрақ орындары қарастырылған.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Алматы қаласының құрылыс басқармасы» (КММ), Бас жобалаушы – «Exclusive Project Company» ЖШС.