Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі филиалының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы мен сарапшылары қытайлық инвесторлармен металлургия зауыты жобасын бейімдеу мәселелерін талқылады

2025-08-25

2025 жылғы 13–16 тамыз аралығында «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі филиалының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Қ.Нұрманбетов бастаған жұмыс тобы Beijing Shougang International Engineering Technology Co., Ltd. (Пекин жобалау институты) және YANGZHOU QINYOU STEEL CO. LTD. (қызмет етіп тұрған металлургия зауыты) мекемелеріне жұмыс сапарымен барды.
Сапардың мақсаты — Қытай жобалау институты әзірлеген жобалық шешімдерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік талаптарына, қауіпсіздік стандарттарына, сондай-ақ жергілікті пайдалану жағдайының ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу.
Іссапар барысында Қытай тарапынан инвесторлар, жобалау институтының өкілдері және металлургия зауыты мамандарының қатысуымен жұмыс кездесулері өтті. Сарапшылар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу ерекшеліктерімен, сондай-ақ қазіргі заманғы технологиялық шешімдер мен өндірістік процестердің тәжірибеде қолданылуымен танысты.
Пекин жобалау институты мен Қытай Халық Республикасының өндірістік кәсіпорнына жасалған бұл жұмыс сапары тиімді өтті, және мамандар үшін қосымша тәжірибе мен маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берді.