Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Мемсараптама РМК алаңында құрылыс саласындағы цифрландыру тақырыбында кеңес өткізді

2025-08-22

Бүгін, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев және вице министрі Қуандық Қажкенов «Мемсараптама» РМК алаңында құрылыс саласындағы цифрлық трансформация мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Сапар аясында Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары — «Мемсараптама» РМК, «Мемқалақұрылыскадастры» РМК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өз баяндамаларын ұсынып, негізгі жетістіктерді, қолданыстағы ақпараттық және оларды дамыту жоспарларын баяндады.
Кеңес барысында құрылыс саласының өмірлік циклін цифрландыруға бағытталған барлық салалық жүйелер қаралды: қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ МҚК), жобалау және сараптама порталы – ГБИМ (ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі), сондай-ақ бақылау және мониторинг жүйесі – Е-Құрылыс. Сонымен қатар, салалық жүйелер арасында үздіксіз өтуді қамтамасыз ететін Бірыңғай құрылыс порталының тұжырымдамасы таныстырылды.
Министр цифрлық сервистермен және бастапқы-рұқсат беру құжаттарын беру, жасанды интеллектті қолдана отырып құрылысты бақылау, сараптамадан өту, атқарушылық құжаттаманы рәсімдеу, сметалық есептерді тексеруді автоматтандыру қызметтерімен танысты.
Сондай-ақ, Министр мамандардың жұмысына жоғары баға беріп, цифрландыру саланың тиімділігі мен ашықтығының, әсіресе құрылыс көлемінің өсуі мен сапаға қойылатын талаптардың негізгі факторы екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның құрылыс саласына озық технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру тапсырылды.