Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
1) Бос лауазым атауы – «Мемсараптама» РМК шаруашылық бөлімінің жетекші маманы.
2) Мемлекеттік кәсіпорынның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК) (бұдан әрі – Кәсіпорын), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты – құжаттар 2025 жылғы «05» тамызды қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін aidrisova@gosexpertiza.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
4) Тиісті салаға арналған үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталатын конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар
Лауазымның мақсаты мен міндеті:
Бөлімшеге жүктелген міндеттерді тиімді орындау.
Білімге қойылатын талаптар: Экономика немесе қаржы саласындағы жоғары білім.
Лицензиялардың, сертификаттардың және басқалардың болуына қойылатын талаптар: Жоқ.
Мамандығы бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша кемінде 2 жыл немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 3 жыл.
Басшылық лауазымдарда: талап етілмейді.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
- азаматтық заңнама және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.
Келесі құжаттарды білу:
- Кәсіпорын жарғысы;
- Кәсіпорынның даму бағдарламалары мен жоспарлары;
- Кәсіпорынның бұйрықтары, өкімдері және басқа да директивті құжаттары;
- құрылымдық бөлімше туралы ереже;
- осы лауазымдық нұсқаулық.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) келіссөздер жүргізу дағдысы;
2) іскерлік хат алмасу дағдылары;
3) іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
4) командада жұмыс істеу.
Функционалдық міндеттер:
1) Кәсіпорынды оның өндірістік қызметіне қажетті барлық материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді уақтылы ұйымдастыру;
2) өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес әкімшілік ғимаратқа және оған іргелес аумаққа шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға қатысу, сондай-ақ жабдықтың (лифтілердің, жарықтандырудың, жылыту, желдету жүйелерінің және басқаларының) жарамдылығын бақылау, аумақты абаттандыру, көгалдандыру және тазалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3) кеңестер, отырыстар, семинарлар өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыруға, жылдық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасауға қатысу;
4) үй-жайларды жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа қатысу, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
5) азаматтық қорғаныс, өртке қарсы іс-шаралар және төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;
6) шаруашылық инвентарьдың сақталуын қамтамасыз ету, оны қалпына келтіру және толықтыру;
7) белгіленген нормаларға сәйкес кәсіпорынның униформасы мен материалдық құндылықтарының ұтымды пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
8) ұйымның негізгі қорларын (ғимараттар, сумен жабдықтау жүйелері, ауа құбырлары және басқа да құрылыстар) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметасын жасауға қатысу;
9) даму жоспарын қалыптастыру үшін бөлімше бойынша ақпаратты жасау және белгіленген мерзімдерде уақтылы ұсыну;
10) орындайтын функциялары (техникалық ерекшеліктерді, бюджетті, қабылдау-тапсыру актілерін, есептілікті дайындау) бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі жұмысқа қатысу;
11) кәсіпорынның әкімшілік және өндірістік персоналының жұмыс орындарын ұқыпты ұстауды қамтамасыз ету;
12) қызметтік іссапарларға келген адамдардың делегацияларын ұйымдастыру, қабылдау және оларға қажетті қызмет көрсету;
13) үй-жайлардағы жабдықтардың жарамдылығын бақылау (жарықтандыру, жылыту жүйелері, желдету, сантехника және т.б.);
14) автокөлік құралдарын жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
15) автокөлік құралдарын жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
16) Кәсіпорынның қызметтік және кезекші автомобильдерінің үздіксіз жұмыс істеуін, тиісінше пайдаланылуын бақылау жұмысына қатысу;
17) Бөлімшенің мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізу;
18) Кәсіпорын басшылығының тапсырмаларын орындау;
19) Бөлімшенің құзыретіне жататын өзге де функциялар.
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жеке куәліктің (тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі;
3) құжаттың көшірмесі, диплом;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) түйіндеме.
«Мемсараптама» РМК-нің қазіргі жұмыскерлері конкурсқа қатысуға ниет білдірген жағдайда, «Мемсараптама» РМК-нің бас директорының атына жобаларды кешенді ведомстводан тыс сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді.
Сыртқы конкурстық іріктеу, егер ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «06» тамыз - кандидаттардың өтінімдерін қарау;
2) 2025 жылғы «07» тамыз - үміткерлермен әңгімелесу және конкурс қорытындысы.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлiгiнде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен конкурс нәтижелерiне шағым жасауға құқылы.