Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ТЖМ-мен бірлескен оқыту: өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа талаптарды енгізу

2025-07-16
ТЖМ-мен бірлескен оқыту: өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа талаптарды енгізу
ТЖМ-мен бірлескен оқыту: өрт қауіпсіздігі бойынша жаңа талаптарды енгізу

Азаматтық қорғау саласындағы заңнаманың жаңа нормаларын іске асыру шеңберінде «Мемсараптама» РМК сарапшылары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері мен жобалау қоғамдастығының өкілдеріне арнап ұйымдастырған оқыту іс-шараларына қатысуда.
Оқыту «Азаматтық қорғау туралы» Заңда көзделген жаңа функциялардың қолданысқа енгізілуіне байланысты жүргізіледі. Заңның негізгі жаңалықтарының бірі ТЖМ аумақтық органдарының адамдар көп жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар үшін қорытындылар беруі болып табылады. Қорытынды беру рәсімі объектінің оларды пайдалануға қабылдау сатысында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді көздейді. Жаңа тәртіп 2025 жылдың 25 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттік сараптама мамандарының қатысуы кәсіби қоғамдастықтың дайындық деңгейін арттыруға және өртке қарсы бақылау саласында жаңа тәсілдерді тиімді енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған.