Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 2-6 шілде аралығында Суздаль қаласында (Ресей Федерациясы) құрылыс саласындағы сараптама ұйымдар арасында II Халықаралық спартакиада өтті.
Іс-шара 2023 жылы Қазақстан Республикасының Түркістан облысында алғаш рет «Мемсараптама» РМК өткізген І Халықаралық спартакиада хаттамасына сәйкес ұйымдастырылды. Жарысқа Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Беларусь елдерінің командалары қатысты.
Құрамында кәсіпорының орталық аппараты және филиалдарының сарапшылары мен мамандары бар «Мемсараптама» РМК құрама командасы жалпы командалық есепте үшінші орын алып, Қазақстан Республикасының намысын қорғады. Команда барлық спорт түрлерінен: мини-футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту, эстафета және үстел теннисінен жүлдегерлер қатарына енді.
Спартакиада спорттық жетістіктердің алаңы ғана емес, кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың тұғырнамасына айналды. Шара аясында барлық қатысушы елдер мамандарының қатысуымен сараптама қызметінің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер өтті, оның ішінде:
- сараптама жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару;
- құрылыстағы деректерді басқару және цифрландыру;
- құрылыс инжинирингі мәселелері.
Қазақстан өкілдері ресейлік әріптестерімен бірлесіп цифрландыру және құрылыс инжинирингі бойынша дөңгелек үстелдердің модераторлары болып, әріптестерімен отандық сараптама жүйесінің тәсілдерімен бөлісті.
II Халықаралық спартакиада халықаралық байланыстарды нығайтуға, салауатты өмір салты қағидаттарын ілгерілетуге және өңірде сараптамалық қызметті дамытуға ұмтылуда құрылыс саласының мамандарын біріктірген маңызды оқиға болды.