Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-да сметалық нормалау және баға қалыптастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

2025-06-30

2025 жылғы 26–27 маусымда «Мемсараптама» РМК-ның Орталық аппаратында жобалық құжаттаманың сметалық бөлімін сараптау және сметалық құжаттамалар бойынша баға ұсыныстарын қарау жөніндегі мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы нормативтерді қолдану мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және сметалық құжаттаманы сараптау сапасын арттыру.
Дөңгелек үстел жұмысына Құрылыс және ТКШ істері комитетінің, «Мемсараптама» РМК филиалдары мен департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Құрылыс нормалау орталығының мамандары қатысты.
Қатысушылар баға қалыптастырудағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ сметалық құжаттаманы сараптауды жетілдіру жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, АГСК-3 каталогы, сметалық бағалар жинақтары мен прейскуранттар, құрылыс конструкцияларының ірілендірілген құн көрсеткіштері, құрылыс құнының шекті мәнін есептеу және сметалық құжаттаманы түзету мәселелері қаралды.
Екі күндік талқылау қорытындысы бойынша сараптама сапасын арттыруға, нормативтік базаны жаңартуға және сметалық бөлімдердің жұмысына цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.