Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 18 маусымда ҚР Президентінің Жолдауын, сондай-ақ, «Мемлекеттік сараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының (бұдан әрі - Филиал) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Филиал қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздерін жетілдіру» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес ашылуы Филиал директоры С.О. Лекеровтың кіріспе сөзімен басталды, Филиалда қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын, осыған байланысты түрлі форматтарда, соның ішінде дәріс-әңгімелер, семинарлар және т.б. бастамалар жасалып жатқандығын атап өтті.
Кеңесте келесі бөлімдер айтып өтілді:
1. Қабылданған заңнамалық шаралар.
2. Азаматтарды ынталандырудың жаңа жүйесі.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықты арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік.
4. Шоттарда қаражат ұстауға, қолма-қол ақша мен бағалы заттарды сақтауға тыйым салу.
5. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды алып тастау.
6. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялары тарапынан сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату.
7. Пара берушілер үшін жазаны қатаңдату.
8. Парақорлықта делдал болғандар үшін жазаны қатаңдату.
9. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту.
Кеңес соңында Филиалдың жауапты тұлғаларына тиісті тапсырмалар берілді.