Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің персоналды басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы бос орнына конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2025-06-20
«Мемсараптама» РМК-нің персоналды басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы бос орнына конкурс жүргізу туралы хабарландыру

1) Бос орынның атауы – персоналды басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы.
2) Орналасқан жерін, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57-38-09.
3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2025 жылғы «26» маусым сағат 18.00-ге дейін gaimagambetova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:

Бөлімшеге жүктелген келесі міндеттерді тиімді орындау:
1) кадрлық іс жүргізуді қамтамасыз ету;
2) әскери міндеттілерді әскери есепке алуды қамтамасыз ету;
3) қызметкерлердің қызметін бағалау, аттестаттау және кадрлық резерв жүйесін енгізу мен жетілдіруді қамтамасыз ету;
4) қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындау сапасын жақсарту үшін қажетті оқыту іс-шараларын ұйымдастыру арқылы олардың дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
5) персоналды басқару саласындағы саясатты іске асыру бойынша басқа да функциялар.
Білімге қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік (персоналды басқару саласында) білім.

Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: кадрлық іс жүргізу бойынша семинарлардан өткені туралы сертификаттардың болуы.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшы позицияларында: талап етілмейді.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері;
- азаматтық заңнама және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері;
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары»;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- аналитикалық қызметке қабілеттілігі;
- ұжымдағы жанжалды жағдайларды шешу;
- адамдарға объективті болу;
- келіссөздер жүргізу;
- проблемаларды шешудің жаңа, стандартты емес жолдарын ұсыну;
- командада жұмыс істеу.

Функционалдық міндеттері:
1. Кәсіпорын орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдары жұмыскерлерімен еңбек қатынастарын ресімдеу бойынша жұмыс:
1.1. жұмыскерді жұмысқа ресімдеу:
тізбе бойынша құжаттарды қабылдау, ВКСБАЖ-да еңбек шартын және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты ресімдеу, ВКСБАЖ-да құжаттарды келісу және қол қою, еңбек кітапшасына жазба жүргізу, тіркеу журналын жүргізу, ВКСБАЖ-да жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен таныстыру, еңбек шарттарын «Enbek.kz» - электронды еңбек биржасы мемлекеттік порталында тіркеу, бұйрықтардан үзінділер беру және басқалар іс-шаралар;
1.2. жұмыскердің жеке ісін электрондық және қағаз түрінде ресімдеу;
1.3. жұмыскерді басқа лауазымға не басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруды ресімдеу:
Жұмыскерге берілген ұсыныс, оның жеке өтініші негізінде еңбек шартына қосымша келісімді ресімдеу, ВКСБАЖ-да ауыстыру туралы бұйрықты ресімдеу, ВКСБАЖ-да құжаттарды келісу және қол қою, еңбек кітапшасына жазба жүргізу, тіркеу журналын жүргізу, жұмыскерді ВКСБАЖ-да ауыстыру туралы бұйрықпен таныстыру, «Enbek.kz» - электронды еңбек биржасының мемлекеттік порталында еңбек шарттарына қосымша келісімдерді тіркеу, бұйрықтардан үзінділер беру, жұмыскерлердің жеке істерін «Персоналды басқару» 1С және қағаз тасымалдағышта толықтыру және басқа да іс-шаралар;
1.4. жұмыскермен еңбек қатынастарының қолданылу мерзімдерін ұзартуды мониторингтеу және ресімдеу:
жұмыскердің еңбек шартының қолданылу мерзімінің алдағы аяқталуы туралы Кәсіпорын басшылығына қызметтік жазбаны жолдау, жұмыскерге қызметтік жазба негізінде еңбек шартына қосымша келісімді ресімдеу, ВКСБАЖ-да құжаттарды келісу және қол қою, еңбек кітапшасына жазба жүргізу, тіркеу журналын жүргізу, еңбек шарттарына қосымша келісімдерді «Enbek.kz» - электронды еңбек биржасы мемлекеттік порталында тіркеу және басқа да іс-шаралар;
1.5. жұмыскермен еңбек қатынастарын тоқтатуды ресімдеу:
ВКСБАЖ-да жұмыскердің жеке өтініші негізінде бұйрықты ресімдеу, құжаттарды келісу және қол қою, жұмыскерді ВКСБАЖ-да еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықпен таныстыру, еңбек шарттарын бұзуды/тоқтатуды «Enbek.kz» - электронды еңбек биржасының мемлекеттік порталында тіркеу, бұйрықтардан үзінділер беру, ВКСБАЖ-да кету парағын ресімдеу, жазбаларды жүргізу және еңбек кітапшасын беру, тіркеу журналын жүргізу, жұмыскердің жеке ісін толықтыру және басқа да іс-шаралар;
1.6. Уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін жүктеуді ресімдеу, лауазымдарды қоса атқару және т. б.:
қызметтік жазбаны қабылдау, бұйрық жобасын ресімдеу, келісу және бұрыштама қою, бұйрықтарды тіркеу журналын жүргізу, жұмыскерді бұйрықпен таныстыру және басқа да іс-шаралар.

2. Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдарының қолданысқа енгізілген ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесі бойынша жұмыс:
2.1. ұйымдық құрылым мен штаттық кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мониторинг;
2.2. персоналды штаттық орналастыру мониторингі;
2.3. жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару туралы ақпаратты кәсіпорынның орталық аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне жіберу;
2.4. ұйымдастыру құрылымын және штат кестесін жаңа редакцияда бекіту кезінде жұмыс жүргізу (хабарламалар беру, еңбек шарттарына қосымша келісімдер жасасу, басқа да іс-шаралар).

3. Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдарының бос орындары бойынша «Enbek.kz» - электронды еңбек биржасының мемлекеттік порталында жұмыс жасау:
3.1. «Enbek.kz» - электронды еңбек биржасының мемлекеттік порталында бос лауазымдар туралы ақпаратты уақытында орналастыру;
3.2. кандидаттардың түйіндемесімен жұмыс істеу, түйіндемені құрылымдық бөлімшелер басшыларының қарауына жіберу.

4. Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдарының персоналы бойынша жұмыс:
4.1. жұмыскерлермен, соның ішінде филиалдардың басшыларымен еңбек қатынастарын ресімдеу: құжаттарды қабылдау, еңбек шартын, филиал басшыларын тағайындау және өкілеттіктерін тоқтату туралы бұйрықтарды ресімдеу және басқа да іс-шаралар;
4.2. жұмыскерлерді мемлекеттік наградалармен, Кәсіпорынның, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың грамоталарымен марапаттау бойынша жұмыс: құжаттарды жинау, мемлекеттік органдардың, ҚР Президенті әкімшілігінің өкілдерімен жұмыс;
4.3. есептілік нысандарын әзірлеу және тапсыру, кезеңділікті айқындау және басқалар;
4.4. филиал жұмыскерлеріне қатысты басқа да іс-шараларға қатысу;
4.5. Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдарының кадрлық іс жүргізуін (қашықтан) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (ВКСБАЖ), 1С «Персоналды басқару», Enbek.kz (электронды еңбек биржасы) жүйелерінде жүргізу.
5. тиісті жылға арналған Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдарының бюджетін қалыптастыру және түзету бойынша жұмыстарды жасау және қатысу, қаражатты игеруге мониторинг жасау;

6. персоналды басқару процестерін автоматтандыру:
6.1. автоматтандыру бағдарламасын сатып алу рәсіміне қатысу (техникалық ерекшелікті жасау, орындау мониторингі және т. б.);
6.2. кадрлардың қозғалысы бойынша (жұмыскерлердің саны бойынша (құрылымдық бөлімшелер, лауазымдар бөлінісінде қабылданды, жұмыстан шығарылды, ауыстырылды), сапалық құрамы бойынша (білімі, туған күні, т.б.) есептілік.
7. Нормативтік құқықтық актілерде көзделген кезеңдер мен мерзімдердегі есептілік.
8. Кіріс хат-хабармен жұмыс (заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жазбаша жауаптар дайындау) және заңды және жеке тұлғалармен хат алмасу (құзыреттері шегінде).
9. Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдарының жұмыскерлеріне және филиалдардың басшылығына тәртіптік жаза қолдану жөніндегі ақпаратқа мониторинг жүргізу.
10. 1С «Персоналды басқару» бағдарламасында жұмыс істеу, Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдары жұмыскерлерінің жеке деректерін енгізу.
11. Әскери міндеттілерді әскери есепке алу бойынша жұмыс:
11.1. әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар бойынша есептерді уақытында салыстырып тексеруді және тапсыруды жүзеге асыру;
11.2. аудандар бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармамен хат алмасу.
12. Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдарының жұмыскерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу.
13. Басшылықтың хаттамалық тапсырмаларын, тапсырмаларын орындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу.
14. Өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлеріне консультация беру;
15. Құрылымдық бөлімшелер дайындаған құжаттардың жобаларына және/немесе құзыреті шегінде бас директордың қарауына шығарылатын мәселелерге қорытындылар дайындау.
16. Құрылымдық бөлімшелердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және еңбек қатынастары саласындағы ішкі құжаттарды сақтауы бойынша жұмысқа қатысу.
17. Кәсіпорынның орталық аппараты және орталықтандырылған филиалдарының кадрлық резервін жүргізу;
18. Ішкі құжаттарда көзделген өзге де функциялар.

5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- түйіндеме;
- басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымға сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді.

Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «27» маусым – кандидаттардың өтініштерін қарау;
2) 2025 жылғы «30» маусым – кандидаттармен әңгімелесу;
3) 2025 жылғы «01» шілде – конкурстың қорытындысы.

Конкурсқа қатысушылар және үміткерлер конкурстық құжаттармен оларға қатысты бөлігінде таныса алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.