Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК қызметкерлері ISO/IEC 27001 халықаралық стандарты бойынша ақпараттық қауіпсіздік және аудит мәселелеріне арналған мамандандырылған оқыту семинарына қатысты.
2025 жылғы 09-13 маусым аралығында кәсіпорын қызметкерлері жалпы ұзақтығы 40 академиялық сағатты құрайтын «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі және ISO/IEC 27001 ақпараттық қауіпсіздік аудиті» қарқынды бес күндік курстан өтті.
Оқытуға ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы Сүлейменов Арман және сараптамалық жұмыстар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді автоматтандыру бөлімі бастығының орынбасары Жапаров Айдар қатысты.
Семинардың негізгі тақырыптары:
• кәсіпорында ақпараттық қауіпсіздіктің тиімділігін бақылау жүйесін әзірлеу және енгізу жоспарын қалыптастыру;
• ақпараттық қауіпсіздік саласында қолданылатын талаптарға сәйкестікті бағалауды жүргізудің тетіктері мен тәсілдерін айқындау;
• ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы аудиторларының жұмыстарды орындау сапасын бағалау.
Арнайы курс аяқталғаннан кейін қатысушылар өздерінің біліктілігін және ақпараттық қауіпсіздік саласында заманауи тәжірибелерді қолдануға дайындығын растайтын атаулы сертификаттар алды.