Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығы ашылады

2025-06-18
Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығы ашылады
Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығы ашылады
Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығы ашылады
Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығы ашылады

«Мемсараптама» РМК Жетісу облысы Талдықорған қаласында мүгедектерді оңалту орталығын салу жобасына оң қорытынды берді.

Жобаға сәйкес Орталық мүмкіндігі шектеулі жандарды уақытша тұруға, сауықтыруға және медициналық оңалтуға, сондай-ақ олардың бос уақытын және тамақтануын ұйымдастыруға арналған. Орталық 150 адамға арналған бес негізгі блокты (А, Б, В, Г, Д,) және техникалық ғимаратты қамтиды.

• А блогы (мәдени-спорттық): бұл блокта көлемі 12,96х7,96 м, өткізу қабілеті 46 адам болатын сауықтыру жүзуге арналған бассейн, ойын спорт түрлеріне арналған 24х12 м спорт залы (25 адам), 150 орындық көрермендер залы, сондай-ақ ерлер мен әйелдер киім ауыстыратын бөлмелер орналасқан.
• Б блогы (медициналық): медициналық қызмет көрсету және оңалту кабинеттері бар 3 қабатты блок.
• В блок: бұл блокта 125 орынды екі асхана бар: келушілер үшін 75 орын және қызметкерлерге арналған 55 орын.
• Г және Д блоктары (тұрғын үй, екі қабатты): 148 адамға арналған бір және екі бөлмелі жатын орындар жоспарланған. Әр қабатта жуынатын, жуу-залалсыздандыру машиналары, тоңазытқыштар және электр шәйнектермен қамтылған санитарлық бөлмелер бар.

Жаңа ғимаратта халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолайлы орта құруға ерекше назар аударылды. Жобада пандустар, лифттер, кеңейтілген есіктер қарастырылған. Сондай-ақ, қауіпсіздік пен бағдарлауды қамтамасыз ететін тактильді жолақтар мен дыбыстық сигналдар бар.

Орталық мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, Жетісу облысындағы инклюзия инфрақұрылымы мен қолжетімді ортаны дамытудағы маңызды қадам болады.