Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2025 жылғы 11 маусымда «Мемсараптама» РМК өкілдері «Құрылыс сараптама институтын дамыту» VIII халықаралық конференциясының қарары шеңберінде өткен «Тиімді тапсырыс беруші институтын дамыту» дөңгелек үстеліне қатысты.
Іс-шараға Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріне сарапшылар мен мамандар жиналды. Кәсіпорын атынан іс-шараға әдіснамалық және құқықтық қамтамасыз ету қызметкерлері қатысты.
Тақырыптық сессиялар аясында қатысушылар сараптамаға тиімді тапсырыс берушіге қойылатын заманауи талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік құрылыс сараптамасы саласында инжинирингтік және цифрлық шешімдерді енгізу әлеуеттерін талқылады. Жобалық құжаттаманың ашықтығын, сапасын арттыруға және келісу рәсімдерінен өту мерзімдерін қысқартуға бағытталған тәсілдер ұсынылды.
«Мемсараптама» РМК құрылыс сараптамасы институтын дамытуға және көрші елдердің сараптама ұйымдарының кәсіби қоғамдастығын қалыптастыруға бағытталған халықаралық бастамаларға белсенді қатысуды жалғастырады.