Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама AstanaBuild 2025 көрмесінде құрылысты цифрландыруға арналған сессия өткізді

2025-05-28

Цифрлық технологиялар құрылыс саласының назарында: Астанада AstanaBuild 2025 халықаралық көрмесі аясында «Мемсараптама» РМК-ның ұлттық порталдардан BIM-стандарттарға дейін тақырыптарға арналған сессиясын өткізді.

2025 жылғы 28 мамырда «Экспо» халықаралық көрме орталығында 25-ші Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі AstanaBuild 2025 бастау алды. Ауқымды көрменің маңызды іс шараларының бірі құрылыс саласын цифрландыру жөніндегі сессия болды, оны «Мемсараптама» РМК ұйымдастырды.

«Құрылыстағы цифрлық платформалар» деп аталатын сессия құрылысты цифрландыру және BIM технологияларын енгізу саласында жұмыс істейтін мамандарды, мемлекеттік және жеке ұйымдардың басын қосты.

Жиын аясында келесі тақырыптар көтеріліп, танымал ұйымдар өздерінің баяндамаларын жасады:
• мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталы («Мемқалақұрылыскадастр» РМК),
• жобалау және сараптама үшін жаңа портал («Мемсараптама» РМК),
• «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ цифрлық сервистері,
• eQurylys құрылыс мониторингі платформасы («ҚазҚСҒЗИ» АҚ),
• инновациялық платформа STROYKA.KZ («Toka Dev» ЖШС),
• BIM Club «Revit» үшін ашық стандарттар бастамалары.

Сессия ашық пікірталаспен аяқталды, оның аясында қатысушылар Қазақстанның құрылыс саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша пікір алмасты, сұрақ қойды, ұсыныстарын орнатаға салды.

Аталмыш іс шараларды өткізу құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, цифрлық құралдарды танымал етуге және құрылыс жобаларының жүзеге асыру барысындағы барлық кезеңдерінде инновациялық шешімдерді енгізуге ықпал етеді.