Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Беларусь мамандары жобаларды сараптаудағы қазақстандық тәжірибені қолдануға ниетті

2025-05-27

2025 жылғы 27 мамырда Астанада Беларусь Республикасы делегациясының «Мемсараптама» РМК ресми сапары өтті. Сапардың мақсаты – сараптаманы ұйымдастыру және BIM-технологияларды қолдану бағытында тәжірибе алмасу.

Сапар аясында Беларусь елінің мамандар құрылыс саласына цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесімен, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібімен, сондай-ақ Қазақстандағы жобалаудың нормативтік және әдістемелік аспектілерімен танысады.

Кездесу барысында «Мемсараптама» РМК бас директоры Тимур Қарағойшин сараптаманы цифрландыру, жобаларды сараптамалық сүйемелдеу тәсілдерін, сондай-ақ кәсіпорын жұмысының негізгі қағидаттарына тоқталды.

«Арнайы делегацияның келуі – бұл кәсіби қызығушылықтың көрінісі ғана емес, сонымен қатар сараптама жүргізу және озық технологияларды енгізу мәселелерінде біздің ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам. Біз жинақтаған тәжірибемізбен бөлісу мүмкіндігіне қуаныштымыз. Сондай-ақ, сараптаманы ұйымдастыру саласындағы сіздердің тәжірибеңізбен танысуға дайынсыз», - деп атап өтті Тимур Қарағойшин.

Кездесу барысында «Мемсараптама» РМК мамандары мен Беларусь делегациясының өкілдері келесі бағыттарды талқылады:
• сараптаманы нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;
• өндірістік процестер;
• сараптама қызметін құқықтық реттеу;
• сараптама мен жобалауда BIM-технологияларды енгізу.

Беларусь Республикасының делегациясын «Главгосстройэкспертиза» РУК және «Гомельский ДСК» ААҚ мамандары бастап келді. Сапар Беларусь пен Қазақстанның мемлекеттік сараптама ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам болмақ.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында «Мемсараптама» РМК мен Беларусь Республикасының «Главгосстройэкспертиза» РУК арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында екі ұйымның өзара іс-қимылы екіжақты сапарлар аясында да, халықаралық конференциялар мен форумдарда да белсенді тәжірибе алмасу бағытында нәтижелі дамып келеді.