Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Құрылыстағы цифрлық платформалар» ашық сессиясы

2025-05-26
«Құрылыстағы цифрлық платформалар» ашық сессиясы

Күні: 2025 жылғы 28 мамыр
Уақыты: 11:00-13: 00
Өтетін орны: AstanaBuild 2025, Астана қ.
Ұйымдастырушы: «Мемсараптама» РМК

AstanaBuild 2025 халықаралық 25-мерейтойлық көрмесі аясында құрылыс саласындағы цифрлық трансформацияға арналған ашық сессия өтеді. Мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері Қазақстанда енгізілетін негізгі цифрлық платформалар, сервистер және ІТ-шешімдер туралы айтып береді.

Модератор: Серікхалиев Саламат Бауыржанұлы – «Мемсараптама» РМК бас директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары

Бағдарламада:
- Қала құрылысындағы геоақпараттық жүйелер;
- Сараптама мен жобалауға арналған инновациялық платформалар;
- Цифрлық форматтағы құрылыс мониторингі;
- BIM технологиялары және ашық стандарттар.

Саланың негізгі ойыншыларының цифрландыру құралдары.

Белсенді пікірталас, тәжірибе алмасу және қатысушылардың сұрақтарына жауаптар күтілуде. Қатысу тегін.