Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2025 жылдың І тоқсанында Мемсараптама сайтына 60-тан астам өтініш келіп түсті

2025-05-15
2025 жылдың І тоқсанында Мемсараптама сайтына 60-тан астам өтініш келіп түсті

Кәсіпорынның ресми сайты арқылы жобаларды сараптауға қатысты түрлі сұрақтар үнемі келіп түседі. Мемсараптама мамандары әрбір өтінішті мұқият қарап, өз құзыреті шеңберінде түсініктемелер береді.

2025 жылдың І тоқсанында «Мемсараптама» РМК ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» бөлімінде 60-тан астам өтініш тіркелді. Бұл кері байланыс арнасы құрылыс саласы өкілдері мен қарапайым азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие.

Келіп түскен өтініштердің тақырыбы алуан түрлі және құрылыс саласындағы негізгі бағыттарды қамтиды. Ең жиі қойылатын сұрақтар:
- жобаларды әзірлеу және түзету,
- жобалардың сметалық, сәулеттік және құрылымдық бөлімдерін сараптау;
- жобаларды қабылдау және жинақтау мәселелері.

Сонымен қатар, ресми сайт қолданушылары «Кешенді сараптаманың бірыңғай» порталының жұмысына қатысты, құрылыс саласының қолданыстағы заңнама және мемлекеттік нормативтердің ережелері бойынша кеңес сұрайды.

Әр өтініш жіті талдауды қажет етеді, себебі сауалдар нақты құрылыс нысанына немесе белгілі бір құрылыс саласаның заңнамалық құжатына қатысты болады. Сондықтан сұрақтарға жауапты бірден беру мүмкін емес – олар мұқият зерттеуді, нормативтік құжаттармен салыстыруды және бейінді мамандардың қатысуын талап етеді.

Осыған қарамастан, «Мемсараптама» РМК қызметкерлері бұл жұмысты өздерінің негізгі міндеттерін орындаумен ұштастыра отырып, сапалы және кәсіби жауап жолдайды. Барлық жауаптар міндетті түрде мекеменің ресми сайтында жарияланады және бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды.