Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» AstanaBuild 2025 және BIM-технологиялар бойынша сессияға шақырады

2025-05-13
«Мемсараптама» AstanaBuild 2025 және BIM-технологиялар бойынша сессияға шақырады

2025 жылғы 28-30 мамыр аралығында Астанадағы «Экспо» халықаралық көрме орталығында еліміздегі ең ірі салалық іс-шаралардың бірі – AstanaBuild 2025 Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер көрмесі өтеді.

Биыл көрмеде 8 елдің: Қазақстан, Беларусь, Германия, Испания, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан құрылыс секторының өкілдерін жинайды.
Басты оқиға – «Мемсараптама» РМК-ның BIM-технологиялар бойынша сессиясы.

Іскерлік бағдарламаның басты іс шараларының бірі «Мемсараптама» РМК ұйымдастырған Құрылыс саласын цифрландыру және BIM-технологияларды енгізу мәселелері жөніндегі ашық сессия болады.

Сессияда келесі келелі мәселелер қаралатын болады:
- ғимараттарды ақпараттық модельдеудің заманауи тәсілдері (BIM);
- құрылыс процесіне цифрлық құралдарды енгізу перспективалары;
- Қазақстанда BIM қолданудың нормативтік-құқықтық және техникалық аспектілері;
- BIM-ді халықаралық тәжірибеге енгізу тәжірибесі.

Алақлы жиында «Мемсараптама» РМК сарапшылары, мемлекеттік органдардың, бейінді ҒЗИ, жобалау ұйымдары мен IT-компаниялардың өкілдері сөз сөйлейді.

Барлық құрылыс саласының мамандарын, сәулетшілерді, инженерлерді, бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін көрмеге қатысуға және біздің сессияға қосылуға шақырамыз!

Өтетін күні: 2025 жылғы 28-30 мамыр
Өтетін орны: «Экспо» ХКО, Астана қ.
Тегін келу билеті сілтеме бойынша: https://astanabuild.kz/ru/poluchite-bilet-na-vystavku?promo=ASB2025GOS