Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін – жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп, жеріне қорған болған азаматтарды әрқашан ерекше құрмет көрсете білген.
Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды! Ерлік Даңқы өшпейді!
Осынау Ұлы күнде әр шаңыраққа шаттық, ырыс пен бақ-береке орнасын. Елдігіміз еңселі, болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Жеңіс жалауы мәңгі желбіресін!