Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

БІРІККЕН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ «МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ САЯСАТЫ

БІРІККЕН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ «МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ САЯСАТЫ
Тапсырысшылардың талаптарын қанағаттандыруға бейімделіп, мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамға тіршілік етуге қолайлы және қауіпсіз жағдайды және жобаланған құрылыс объектілерінің оны пайдалануға тапсырғаннан кейін қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің басшылығы өзіне келесідей міндеттемелерді алады:
1. ISO 9001:2008 сапа және ISO/IEC 27001:2005 ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес біріктірілген менеджмент жүйесін (БМЖ) тұрақты жетілдіру және ұдайы талдау, сондай-ақ БМЖ саласындағы «Мемсараптама» РМК-нің осы саясаты мен мақсаттарын іске асыру үшін қажетті ресурстар ұсыну.
2. Сараптама жүргізу сапасы, экология, өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және ақпараттық қауіпсіздігі, энергияны пайдалану, тұтыну және энергия тиімділігі саласында кәсіпорынның еңбек қызметінде де жобаларға (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларына) кешенді бағалау жүргізу барысында да заңнамалық және өзге де талаптарды қалтықсыз сақтауды қамтамасыз ету.
3. «Мемсараптама» РМК-нің барлық ұжымының кәсіби деңгейі мен жауапкершілігін тұрақты көтеру бойынша жұмыс жүргізу және кәсіпорынның барлық персоналының толық қатысуын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті жағдайлар жасау.
4. Кәсіпорын қызметінің нәтижесін талдауына және тапсырысшылармен кері байланыс тәсіліне сүйеніп, жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу сапасына қатысты олардың толық қанағаттанушылығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын жұмысының тиімділігін ұдайы жоғарылату.
5. Кәсіпорын қызметінің және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару үздіксіздігін қамтамасыз ету, әр түрлі қауіп-қатерлердің жағымсыз әсерлерін төмендету.
6. Кәсіпорынның ақпараттық активтерінің құпиялығын, қол жетімділігін және тұтастығын қамтамасыз ету.
7. Кәсіпорынның корпоративтік мәдениетін қолдау және дамыту.
8. «Мемсараптама» РМК және оның филиалдары үшін БМЖ саласының біртұтас әдістемелік негізін ұдайы дамыту.