«Мемсараптама» РМК-нің заң бөлімінің бас маманы бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарлайды.
1) Бос орынның атауы – заң бөлімінің бас маманы.
2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Нұр-Сұлтан қаласы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57-38-09.