Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Редакция Бас директордың орынбасары от 2016-07-13

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

Ерік Жұмашұлы Едресов

1971 жылы 7 шілдеде Арқалық қаласында туған, қазақ. Үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр.

Білімі:
Екі жоғары білімі бар:
1993 ж. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы мамандығы, жол қатынастары инженер-құрылысшысы біліктілігі бойынша бітірген;
2005 жылы Қазақ Ресей университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша тәмамдаған.

Наградалары, алғыстары:
2011 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медаль;
2011 ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы;
2014 ж. Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаты;
2014 ж. Құрылысшылар күніне Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрмет грамотасы;
2014 ж. Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Уәкілетті өкілі Р.И.Темірғалиевтің «Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының күндерін ұйымдастыру және өткізуге белсене қатысқаны үшін» алғыс хаты.

Авторлығы, жарияланымдары:
Өнертабысқа авторлық патенттері:
1) Сұйықтың гомогенизациялану тәсілі (қазақ мұнайының сапасын жақсартуға арналған жабдық);
2) Алматы қаласының әуе бассейнін тазарту тәсілі;
3) Ауыл шарушылық дақылдарын жинау тәсілі (әмбебап трактор).

Жұмыс тәжірибесі:

1993 – 2008 жылдар Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарды әртүрлі лауазымдардағы жұмысы;
2008 жылғы қазан – 2013 жылғы қараша «Қазақ Мұнай және газ институты» АҚ, Жобаларды үйлестіру департаментінің директоры, Жобаларды техникалық бақылау және мемлекеттік органдармен келісу департаментінің директоры;
2013 жылғы қарашадан «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары.

Жетекшілік ететін мәселелері:
РМК филиалдарын әдістемемен, ақпаратпен қамтамасыз ету, қызметін бақылау және үйлестіру.