2013 жылғы 26 шілдеде «Мемсараптама» РМК-нің аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен, директор орынбасарлары мен өндірістік бөлім бастықтарымен І-жарты жылдықтың қорытындысы және сараптама қорытындыларының сапасы жөнінде кеңес өтті.
Кеңесте бас директордың орынбасары Т.К. Қожахметов, «Мемсараптама» РМК-нің Бас кәсіпорының бөлім бастықтары сөз сөйледі.
Негізгі көңіл сараптама қорытындыларының сапасы мен ағымдағы жылдағы тапсырмаларға бөлінді.
Сондай-ақ кеңесте жобалау-сметалық құжаттаманы электронды алуды жүзеге асыру және ЭҚАБЖ жаңа платформасы (жобалау-сметалық құжаттаманы электронды алуды жүзеге асыру) ұсынылды.