Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жаңа жылда жаңа бала бақша

2012-01-17
Жаңа жылда жаңа бала бақша

Мемлекет Басшысының тапсыруымен өмірге келген «Балапан» бағдарламасы бойынша соңғы жылдары Қордай ауданында бірнеше мектепке дейінгі балалар мекемелері пайдалануға берілді. Солардың қатарында былтырғы мамыр айында Красный партизан ауылында құрылысы басталып, биыл жыл басында, яғни 11 қаңтарда іске қосылған 280 орындық екі қабатты жаңа балабақша.

Республикалық бюджет есебінен салынып, 452 миллион теңге игерілген жаңа нысан екі қабатты, толығымен жабдықталған. Үш корпустан тұрады, екі жағындағы ұзын ғимараттарда топтар орналасады, ал ортасы әкімшілікке арналған. 12 топқа (соның ішінде екі жасқа дейінгі сәбилер тәрбиеленетін 2 топ бар, айтпақшы мұндай топтар аудандағы басқа мектепке дейінгі мекемелерде әзірге жоқ) арналған он екі бөлме, әр топтың өзінің ас бөлмесі, қыздар және ұлдарға бөлек көзделген санторап, медбике бөлмесі тәрізді қажетті жағдайлары қарастырылған. Жиырма төрт тәрбиеші, он екі күтуші, екі-екіден аспаздар және олардың көмекшілері, техникалық қызметшілер тәрізді кадрлар жасақталуда.

Сөйтіп, Қордай ауылдық округі бойынша 540 бала балабақша кезегінде тұрған болса, оның құрамына кіретін Красный партизан ауылы тұрғындарының балабақшаға деген сұранысы толық өтелді деуге болады. Кешеге дейін жаңа бақшаға 117 бала қабылданған.

Құрылысты «Эдвер-Маркетинг-Сервис» ЖШС жүргізген

Жалпы, Қордай ауданы бойынша 14 балабақшада 1 мың 580 бүлдіршін, 26 шағын орталықта 1425 бала қамтылған болса, олардың қатары бүгін 280 орындық жаңа балабақшамен толықты. Енді облыстық бюджет есебінен үш балабақша ашу мақсатында Ноғайбай ауылынан 10 миллион, Қайнар ауылынан 30 миллион және Сортөбе ауылынан 20 миллион теңгеге ғимараттар сатып алынды. Бүгінгі таңда оларды жөндеуден өткізу үшін жалпы құны 4,5 миллион теңгеге жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.